EN RU KZ
2013 Жылдық есептің қысқартылған нұсқасы Ел ішінің
басын қосып.
Әлем жұртын
біріктірген.

«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы – Қазақстандағы көпсатылы ықпалдасқан ең ірі көлік холдингі. Компанияның актив ауқымы 13,5 млрд АҚШ долларынан асады.

Біздің компания ел экономикасының және халықтың тасымал қажетін қамтамасыз етумен қатар, инфрақұрылымдық ірі жобаларды жүзеге асырып, темір жолға арналған машина жасау өнімін өндіріп, Қазақстанның көлік-логистикалық жүйесін қалыптастырады.

Біздің бизнес-бірліктеріміз Қазақстандағы, Еуропа мен Азиядағы, жалпы әлем елдерінің барлық аймақтарындағы жүк жөнелтушілерді байланыстырып, шоғырланып-ықпалдасқан тасымалдау үдерісінің «діңгегін» құрап отыр.

Елдестіріп елдерді... темір жолдың
бойымен...

Біз ұзындығы бойынша Еуразия құрылығында екінші орында тұрған – ұзақтығы 14 800 км қашықтыққа созылатын торапталған темір жол желісінде әрекет етеміз. Сол сияқты, біздің басқаруымызда теңіз айлағы мен Қазақстандағы 11 әуежай, «Қорғас – Шығыс Қақпасы» арнайы экономикалық аймағы және «Қорғас» Халықаралық шекаралық сауда орталығы бар. Алдағы уақытта біз Қазақстанды әлем бойынша алдыңғы қатарлы көлік «хабтарымен» біріктіретін аймақтық көлік-логистикалық орталықтар желісін құруды жоспарлап отырмыз.

231,2 млрд км-т. тарифтік жүк айналымы
Елдестіріп елдерді... айлақтар
арқылы...

«Халықаралық стратегиялық бағыттардағы магистральды инфрақұрылымды, мемлекетаралық түйісу бекеттері мен Ақтау теңіз айлағын дамыту барысы Қазақстанның экспорттық және транзиттік әлеуетін барынша арттыруға мүмкіндік береді».

10 млн тонна Ақтау айлағы арқылы өтетін
тасымал ауқымы
Елдестіріп елдерді... әуежайлар
арқылы...

«Біздің компанияның басқаруындағы 11 әуежайды Дамыту стратегиясы әзірленіп, олардың қаржылық тиімділігі мен әуежайлардың мультимодальдық компаниялармен кешендік негіздегі өзара қарым- қатынасы жан-жақты пысықталып-зерттелді. Осынау жұмыс нәтижесі бойынша, көлік-логистикалық шешімдер тұрғысынан алғандағы аймақтық әуежайларға деген қажеттілік деңгейі анықталды».

+15% 2014 жылға жоспарланған
қол астындағы әуежайлардағы
жолаушы және жүк ағынының өсімі

Компания туралы

Өркендеп өскен
сенімді бизнес

«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы – құрылымында шоғырланған тасымал үдерісінің діңгегін құрайтын бизнес-бірліктері бар көпсатылы ықпалдасқан көлік холдингі.

873,5 млрд теңге

негізгі қызметтен түскен табыс – өсім 8,6%

115,6 млрд теңге

таза пайда

Жүйе құраушы инфрақұрылым ретінде, біз экономиканы тұрақты түрде жақсартып-дамытудың транспорттық негізін қамтамасыз ете отырып, Акционер үшін, тұтынушылар мен жалпы, қоғам үшін жолаушы және жүк тасымалы мен торапталған темір жол желісі қызметі бойынша бәсекеге қабілетті, сапалы көліктік-логистика қызметін ұсыну арқылы өзіндік құндылықтар қалыптастырамыз.
Біз өзімізді бизнес жүргізудің ең үздік әлемдік тәжірибесіне сай және Бірден-бір акционердің талаптарына жауапты, Қазақстандағы ең тиімді ұлттық көлік кешені ретінде танимыз.

Біздің бизнес

231,2 млрд км-т. тарифтік жүк айналымы
Жүк тасымалы
2012 жылмен салыстырғандағы Қытай – Еуропа қатынасындағы контейнерлік жүк тасымалы ауқымының 2013 жылғы өсім көрсеткіші (3572-ден 6568-ге дейін ЖФЭ) 84%
Контейнерлік тасымал
467 m tenge өндіріске салынған инвестиция ауқымы
Инновациялар
295 2013 жылы «Денсаулық», «Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» пойыздары қатынаған станциялар саны
Демеушілік және қайырымдылық көмек

«ҚТЖ» ҰК» акционерлік қоғамына Президент пен Үкімет халықаралық деңгейдегі көліктік-логистика операторын құруға өкілеттік беріп, сенім артты. Осылайша, былтыр «KTZ Express» АҚ деп аталатын оператор өз жұмысын бастады.

Бүгінгі таңда ҚТЖ және «KTZ Express» басқаруына Ақтау теңіз айлағы, «Қорғас-Шығыс Қақпасы» ЕЭА» мен «Қорғас» ШЫХО, 4 әуежай берілді және 7 әуежай әзірлік үстінде.

Қазақстан темір жолы осынау көлік тізбегіндегі барлық құрам бөліктердің әлеуеті мен мүмкіндіктерін пайдалануға болатын қазақстандық логистика өнімдерін ұсынады. Бұл тұрғыда темір жол желілері де, әуе және су жолдары да дамытыла түседі.

Контейнерлік тасымалды ұйымдастыруға көп көңіл бөлінуде, оның ішінде әр түрлі бағыттағы контейнерлік пойыздарда да. Еуропа – Азия транзиттік байланысы бойынша бүгінгі таңда контейнерлік 14 шаттл-пойыз тұрақты түрде жүріп-тұрады.

Айталық, «Чунцин – Дуйсбург» контейнерлік пойызы аптасына 1 рет жөнелтіледі. Аталған жобаның артықшылығы – транспорттық бірыңғай жүкқұжаттарын халықаралық тасымалдың бірыңғай тәртіптері негізінде халықаралық жүк тасымалы келісімі бойынша (ЦИМ/СМГС) ресімдеу мүмкіндігі. Өз кезегінде, бұл – контейнерлерді Еуроодақ шекарасында ресімдеу мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді.Біріккен кәсіпорынның тікелей қатысуымен Чунцин-Дуйсбург бағыты бойынша 89 пойыз құрамында 7830 жиырма футты балама (ТЕU) жүріп өтті.

2009 жылдан бастап темір жол компаниясы Қазақстанда өнеркәсіптің стратегиялық салаларын дамытуға елеулі үлес қосып келеді, мысалы, ауыр машина жасау, темір жолдың жылжымалы құрамына арналған тетік бөлшектер шығару, жол тораптарын іске қосу және т.б.

Компания, жалпылай алғанда Үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында 14 жобаны басқарып, жүзеге асыруда.

Корпоративтік әлеуметтік жауаптылық қағидаларын ескере отырып, Компания қайырымдылық акциялары мен жобаларына ерекше көңіл бөледі.

Тұрақты негізде: «Жақсылық жаса!», «Басшы гранты», «Мейірімділік жолы!» сынды қайырымдылық акциялары мен бұрындары «ҚТЖ» РМК балансында болған аймақтық мектептерге шефтік көмек көрсету аясында «Балалар мектепке барады!» акциясы ұдайы өткізіліп отырады. Компания «Аяла», «Үміт-Надежда», «Мирас-А» сынды қайырымдылық қорларымен, ардагерлер ұйымдарымен бірлесе жұмыс істеп келеді.

Жыл сайын Жеңіс Күнін тойлау құрметіне 1 мамырдан 31 желтоқсанға дейінгі аралықта Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектерінің тегін жол жүруі қамтамасыз етіледі.

Біздің тарихымыз

1896

Қазақстан аумағы арқылы өтетін Транссібір магистралінің құрылысы басталды.

1930

Қашықтығы 1 444 км құрайтын Түркістан-Сібір, яғни Транссібір магистралінің құрылысы әрі қарай жалғасты.

1958

КСРО бойынша ең ірі болып табылатын Қазақ темір жолы құрылды.

1997

Алматы, Целинный жне Батыс Қазақстан темір жолдарын біріктіру нәтижесінде «Қазақстан темір жолы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрылды.

2004

«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ құрылды.

Директорлар Кеңесі Төрағасының алғы сөзі

“«ҚТЖ» ҰК» АҚ темір жол қызметін тиімді жолмен басқару функцияларын әрі қарай жалғастыра отырып, инновациялық индустриаландырудың нақты жобаларын жүзеге асыруда...”

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар Кеңесінің Төрағасы

Н. Байдаулетов

Әрі қарай оқу Өмірбаян

Құрметті әріптестер, серіктестер, клиенттер!

2013 жылы біздің еліміз «Қазақстан – жаңа Жібек жолы» деп аталатын өзіндік ұланғайыр мықты жобаны жүзеге асыра бастады. Бұл жоба Қазақстанның ежелден қалыптасқан тарихи рөлін қайта жаңғыртып, елімізді Орталық Азия аймағындағы транзиттік ең ірі хаб, яғни барлық жолдар тоғысқан іргелі орталыққа айналдыруды көздейді. Осынау стратегиялық негізгі мақсатқа қол жеткізуде «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының» маңызы өте зор. 2013 жылдың жаңа бизнес-үлгісін жүзеге асыру барысында біздің компания құрылықтағы, әуедегі, теңіз айлағындағы және еркін экономикалық аймақтардағы көлік жүйелерін дамыту жобаларын қолға алған болатын. Бұл жобалар технологиялық тұрғыда барынша дамыған, клиенттерге бағытталған көлік-логистика желісінің жұмысын құрылық ішінде тиімді етіп қалыптастыруды қамтамасыз етуге негізделген. 2013 жылдың қорытындысы көрсетіп бергендей, бұл міндеттер ойдағыдай жүзеге асырылды.

«ҚТЖ» ҰК» акционерлік қоғамының халықаралық клиенттері үшін Қазақстан арқылы өтетін транзиттің геосаяси тиімділігі жаңа қырыннан көрініс берді. Біздің еліміз тек ел ішіндегі көлік-логистика инфрақұрылымын дамытуға ғана мүдделі емес. Біз халықаралық сауда үшін де мол мүмкіндіктер жасап отырмыз. Бұл тұрғыда транзит әлеуеті еліміздің «экономикалық өсуінің бастапқы межесі» және оның бәсекелестік қабілетін арттырушы негізгі қозғаушы күш ретінде де қарастырылуда. Компания үшін дәстүрлі болып саналатын – темір жол саласы да назардан тыс қалған жоқ. «ҚТЖ» ҰК» АҚ темір жол қызметін тиімді жолмен басқару функцияларын әрі қарай жалғастыра отырып, инновациялық индустриаландырудың нақты жобаларын жүзеге асыруда. Әлбетте, еліміздің ең ірі жұмыс берушісі әрі салық төлеушісі болып табылатын Компанияның әлеуметтік функциялары да ойдағыдай орындалып жатыр. Бұл тұрғыда, барлық сандар мен нақты дәйек-деректер ұсынылған Жылдық Есепте көрнекті етіп берілген. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының былтырғы жұмыс қорытындысы көрсетіп отырғандай, 2014 жыл мен алдағы жылдардың еншісіне жоспарланған жаңа мақсаттар мен міндеттер ойдағыдай орындалып, жүзеге аса бермек. Біз мұны нық сеніммен айта аламыз.

Құрметпен,

Байдаулетов Нұржан Тәліпұлы

Директорлар кеңесінің төрағасы

1960 жылы дүниеге келген. 1986 жылы Мәскеу темір жол транспорты институтын «Темір жол транспортындағытасымалпроцестерінбасқару» мамандығы бойынша аяқтап шыққан. Еңбек жолын 1986 жылы пойыздарды құрастырушы, Целинный темір жолы Екібастұз станциясының кезекшісі ретінде бастаған. Екібастұз станциясының инженер-технологы, Павлодар қ. «Павлодар – Северный» станциясының бас инженері болып жұмыс істеген. 1989 жылдан 1998 жылдар аралығында – Целинный темір жолы Павлодар бөлімінің тасымал бөлімі басшысының орынбасары, «Павлодар» станциясының бастығы, Целинный темір жолының Павлодар бөлімі бастығының бірінші орынбасары, Ақмола темір жолы бастығының орынбасары, Павлодар бөлімі темір жолының бастығы, «Қазақстан темір жолы» РМК-ның Ақмола темір жолының бастығы қызметтерін атқарған. 1998 жылы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Темір жол транспорты департаментінің директоры қызметіне тағайындалды. 2003–2004 жылдары – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі. 2004 жылдан 2006 жылға дейінгі кезеңде – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Жол қатынасы комитетінің төрағасы. 2006 жылдан бүгінгі күнге дейін - «Самұрық» Холдингі» АҚ көлік және өнеркәсіп активтерін басқару жөніндегі Директоры, «Самұрық» Холдингі» АҚ Басқарушы директоры, «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарушы директоры, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы. Қазақстан Республикасының азаматы. Компанияның, жеткізушілердің, компания бәсекелестерінің акцияларына иелік етпейді. Директорлар кеңесінің құрамына алғаш рет 2006 жылдың 20 маусымында сайланып, 2012 жылдың 21 маусымында қайта сайланды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесі шешімімен 2010 жылдың 7 мамырында «ҚТЖ» ҰК» акционерлік қоғамының 2020 жылға дейінгі Даму стратегиясы бекітілді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ акционерлік жиынтық капиталын барынша көбейту әрекетін басты мақсат деп қарастырады. Бұл шара Акционердің талаптарын қанағаттандырып, «ҚТЖ» ҰК» АҚ менеджментінің қызметін тиімді деп бағалайтын негізгі көрсеткіш болып табылады.

«ҚТЖ» ҰК» акционерлік қоғамының стратегиялық және орта мерзімдік кезеңдегі барлық әрекеті рентабельділікті (таза пайданы) арттыру есебінен акционерлік жиынтық капиталын көбейтуге бағытталған.

1. «ҚТЖ» ҰК АҚ өндірістік-экономикалық қызметінің тиімділігін арттыру

Акционерлік жиынтық капиталдың өсімін қамтамасыз ету үшін Компания шығынға негізделген корпоративті мәдениеттен, іске қосылған ресурстар мен үдерістердің тиімділігін арттыруға бағытталған жаңа мәдениетке өтуді жүзеге асырмақ.

Сол сияқты, ағымдағы операциялық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін және де көрсетілетін қызметтердің бәсекелестік қабілетін арттыру үшін «ҚТЖ» ҰК» акционерлік қоғамында өндірістік және әкімшілік шығындарды төмендету шаралары қолға алынбақ.

2. Жүк тасымалы нарығындағы көшбасшы мәртебесін сақтап қалу

Жүк тасу нарығындағы жоспарланған табыстылық өсімін қамтамасыз ету үшін «ҚТЖ» ҰК» акционерлік қоғамына тасымал қызметін жүзеге асыру барысында клиентке бағытталған амал-тәсілдерді енгізу қажет.

3. Портфельдік және өндірістік активтердің тиімді құрылымын қалыптастыру

Мемлекеттің темір жол саласын ырықтандыру ниеті мен осыған қатысты орын алуы тиіс институционалдық өзгерістер «ҚТЖ» ҰК акционерлік қоғамының құрылымында экономиканың сала құраушы субъекті ретінде көрініс бермек. Сол себепті «ҚТЖ» ҰК» АҚ портфельдік активтерді қайта құрылымдау шарасын жоспарлап отыр. Бұл шара корпоративтік және салалық мүдделерді ескере отырып, оңтайлы құрылым жасақтауға мүмкіндік береді (яғни, ресурстардың негізгі қызмет түрлерінде шоғырлануы және салалық машина жасау мен жөндеу базасын дамытуға ықпал ету).

Қаржы активтері құрылымындағы өзгерістермен қатар, оңтайландыру шаралары өндірістік активтерді де шарпуы тиіс. Соған сәйкес «ҚТЖ» ҰК» акционерлік қоғамының негізгі қаражаттары түгелдей жаңартылып, жаңғыртылады. Бұл шара жалпы сала ішіндегі инвестициялық бағдарламаның бір бөлігі болып табылады.

4. Қызметтер мен әрекеттерді басқаруды арттыру

«ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметін басқаруды арттыруға негізделген шаралар басқару қызметіндегі аспектілерді қозғамақ. Басқарудағы айқындықты мейлінше қамтамасыз етіп, жауаптылық деңгейі мен біліктілікті, есептілік пен тиімділікті арттыру үшін «ҚТЖ» ҰК» акционерлік қоғамында басқару барысына үдерістік амалдар енгізу бағытында жұмыс жүргізілетін болады.

Стратегияны сәтті де оң жолмен жүзеге асыру «ҚТЖ» ҰК» акционерлік қоғамын мейлінше аз шығынмен жоғары деңгейдегі транспорт қызметін көрсете алатын тиімділігі өте жоғары коммерциялық компанияға айналдыруға мүмкіндік береді.

2013 жылдың қорытындысы

Тасылған жүк,

оның ішінде қатынас түрлері бойынша, мың тонна

2011іс жүзінде
2012іс жүзінде
2013жоспар.
2013іс жүзінде
050000100000150000200000250000300000
республика ішінде
шығару
енгізу
транзит

Жолаушы айналымы,

км.млн жол.

2011іс жүзінде
14 649
2012іс жүзінде
16 708
2013жоспар.
16 917
2013іс жүзінде
16 962

Негізгі қызметтен түскен табыс,

мың теңге

2011іс жүзінде
702 740 094
2012іс жүзінде
804 458 656
2013жоспар.
870 254 412
2013іс жүзінде
873 565 703

Таза пайда (шығын),

мың теңге

2011іс жүзінде
122 886 900
2012іс жүзінде
117 772 108
2013жоспар.
113 599 394
2013іс жүзінде
115 627 571

Дүниежүзін біріктіре отырып

Қытай мен Еуропа арасындағы
тауар айналымының өсімі
2013 жылғы 117 млн тоннадан
2020 жылғы 170млн тоннаға дейін

Сауда ауқымының өсуі

2013 $738 млрд
1,6 есе
2020 $1200 млрд
  2013Bn US dollars 2020Bn US dollars
Қытай Еуроодаққа 559,2 800
Ресей Қытайға 89,2 200
Түркия Қытайға 25 100
Ресей Орталық Азияға 35,6 60
Қазақстан Қытайға 28,5 40

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Президентінің жолдау сөзі

“2013 жылдың инвестициялық бағдарламасы жаңа желілер құрылысын бастаумен қатар, қозғалыс құрамын жаңартуға, торапталған темір жол желілерін жаңартып, дамытуға, өндірістік үрдістерді басқару жүйелерін автоматтандыруға және транспорттық машина жасау жобаларын жүзеге асыруға бағытталған.”

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Президенті

А. Мамин

Әрі қарай оқу Өмірбаян

Құрметті Жылдық Есеп оқырмандары, әріптестер, серіктестер!

Көлік-логистика кешенінің дамуы экономиканың өсіп-өркендеуінің ұлттық үлгісінің негізгі стратегиялық бағыты және Қазақстанның 2050 жылға қарай әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кірудегі базистік басты талаптың бірі болып табылады.

Көлік-логистикалық инфрақұрылымның адымдап дамуы еліміздің айтулы транзиттік және экспорттық әлеуетін жүзеге асыру мен жергілікті дамуды есепке ала отырып, оңтайлы ішкі транспорт кеңістігін құру негізінде ұлттық экономиканың дамуына зор күш, зор екпін бермек.

ХХI ғасырдағы геоэкономикалық жаңа жағдай әлемдік жүк ағындарын қайта қарап, бөліске салып, еуразиялық көлік жүйесінің маңызы мен оған деген қажеттілікті қайта өрлетуге жаңа мол мүмкіндіктер ашып, қалыптастырады.

Бұл тұрғыда Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан – Жаңа Жібек Жолы» деп аталатын қомақты ірі жоба бастағаны белгілі. Бұл жобаның операторы «ҚТЖ» ҰК» АҚ болып табылады.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ негізінде көлік-логистикалық активтер мен міндеттер түгелдей бірыңғай кешенге шоғырландырылып, ықпалдастырылуда. Сонымен қатар, Компания екпінді түрде, клиенттердің сұранысын мейлінше қанағаттандыра алатын, қосымша құны жоғары, бәсекеге қабілетті көлік-логистикалық қызметтер аясын кеңейтуге барынша жағдай жасауда.

Өткен жылы Компания кеме жүргізу мәртебесіне қол жеткізді. Бүгінгі таңда Ақтау теңіз айлағын ұлғайту жобасы жүзеге асырылуда. Әуежайлар инфрақұрылымын жаңартып-жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр.

Тиісті құзырлық міндеттерді ұлғайтып-өсіру шараларын жеделдету мақсатында логистикалық инфрақұрылымды қолданысқа беріп, дамыту саласында әлемдік деңгейдегі көшбасшылармен стратегиялық альянстар құрылуда.

«Zurich Airport International» және «Swissport International» сынды стратегиялық серіктестерменбірлесе отырып, «Airport Management Group» басқару компаниясы құрылды. «Қорғас – Шығыс Қақпасы» ЕЭА дамытуда және Ақтау теңіз айлағын басқаруда айлақтық және терминалдық инфрақұрылымдардың жаһандық операторы Dubai Port World қатыстырылып отыр.

Отандық көлік-логистикалық қызметтерді ел ішінде және шет елдерде жылжыту мақсатында пайда болған орталықтар мен бірлестіктерде және жүк ағындары дистрибуциясында көліктік-логистикалық орталықтар мен терминалдар желісі құрылып жатыр.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ темір жол тармағының тұрақты кестесінде транзиттік жүрдек контейнер пойыздарын ұйымдастыра отырып, өз қызметін сыртқы нарықтарда белсенді жолмен жүзеге асыруда.

2013 жылы «Чэнду (Қытай) – Достық – Лодзь (Польша)», «Чженчжоу (Қытай) – Достық – Гамбург (Германия)», «Сиань (ҚХР) – Қызылорда – Жем – Ақтөбе» контейнер пойыздары бастапқы белгіленген «Чунцин – Дуйсбург» бағытындағы тәулігіне шамамен 1000 км қашықтық жылдамдықты оңай игере алатынын дәлелдеп берді. Бұл рекордтық жылдамдық болып табылады. Тиімді логистиканың арқасында, Қазақстан арқылы өтетін Қытайдан Еуропаға бағыт алған пойыздардың жол жүру уақыты 13 тәулікке дейін қысқарды.

Жалпылай алғанда, Қазақстан аумағы арқылы 14 тұрақты контейнер пойызы жүріп өтеді. 2013 жылы контейнерлік пойыздардың трафигі 1653 құрамды құрады, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 24% жоғары көрсеткіш. Бұл құрамның жүріп өту қарқыны тәулігіне 5 пойызды құрады. Сондай-ақ, Қытай – Еуропа қатынасындағы тасымал ауқымы бұл бағыттар бойынша 2012 жылмен салыстырғанда 61%-ға өсті (3490-нан 5630 ЖФЭ).

Жүк тасу, жүк жеткізу барысында қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, жүкті жедел әрі дер кезінде түгел жеткізе білу көлік активтерін дұрыс дамытуды талап етеді.

2013 жылдың инвестициялық бағдарламасы жаңа желілер құрылысын бастаумен қатар, қозғалыс құрамын жаңартуға, торапталған темір жол желілерін жаңартып, дамытуға, өндірістік үдерістерді басқару жүйелерін автоматтандыруға және транспорттық машина жасау жобаларын жүзеге асыруға бағытталған.

Әлбетте, Компанияның тиімді де нәтижелі жұмысына 168 мың қызметкеріміз түгелдей орасан зор үлес қосып отыр. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, мен олардың әрқайсысына «ҚТЖ» ҰК» акционерлік қоғамы құндылықтарына беріліп, компанияға сіңіріп отырған ерен еңбегі үшін рахмет айтқым келеді.

Өз тарапынан Компания қызметкерлердің кәсіби негізде өсіп-дамуына жағдай жасап, оларды әлеуметтік тұрғыда қорғау мәселесін барынша қамтамасыз етіп отыр. 2013 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобы бойынша әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға жұмсалған қаражат 11 млрд теңгеден асты.

Компания Тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыруды да әрі қарай жалғастыруда: 2013 жылы қызметкерлерге 1163 пәтер ұсынылды.

Сондай-ақ, Компанияның Жастар саясатын жүзеге асыру аясында 2013 жылы 2000-нан астам жас қызметкер оқытылды.

Медициналық қызмет көрсету саласында сақтандыру бағдарламалары жақсартылып, лимиттелген қызмет ауқымдары ұлғайтылды. 2020 жылға дейін арналған Қызметкерлердің денсаулығын қорғау бағдарламасы әзірленіп, бекітілді. Сонымен қатар, «Денсаулық», «Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» сынды медициналық пойыздар өз жұмыстарын әрі қарай жалғастыруда.

Біз әлеуметтік және қайырымдылық негіздегі ірі жобаларды ұйымдастырып, бұл тұрғыдағы өзге де жобаларға белсене қатысамыз.

Сол сияқты, біздің серіктестеріміз бен клиенттерімізге өзара бірлесе жүзеге асырған жобалар үшін шынайы алғыс білдіремін. Ұсынылған Жылдық Есептегі мәлімет, деректер біздің ынтымақтастық қарым-қатынасымызды одан әрі жандандыруға жаңа жолдар ашады деген үміттемін.

Құрметпен,

Мамин Асқар Ұзақбайұлы

Директорлар кеңесінің мүшесі, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Президенті – Басқарма Төрағасы.

1965 жылы туылған. Целиноград инженер-құрылыс институтын, Г. В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық академиясын «инженер-құрылысшы», экономист мамандықтары бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын «Целинтяжстрой» трестінде монтажшы ретінде бастаған. Қазақстанның инновациялық кәсіпорындары одағы бас директорының орынбасары қызметін атқарған.

1996-2008 жылдары – Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі, Индустрия және сауда бірінші вице-министрі, Көлік және коммуникация министрі, Астана қаласының әкімі.

2008 жылдың сәуірінен – «ҚТЖ» ҰК» АҚ Президенті – Басқарма Төрағасы, Директорлар кеңесінің мүшесі.

Қазақстан Республикасының азаматы. Компанияның, жеткізушілердің, компания бәсекелестерінің акцияларына иелік етпейді. Директорлар кеңесінің құрамына алғаш рет 2008 жылдың 4 сәуірінде сайланған, 2012 жылдың 21 маусымында қайта сайланды.

Бизнес-үлгі

Логистика
Өндіруші
Көлік-
логистика
орталығы
Көлік-
логистика
орталығы
Тұтынушы
Жолаушы тасымалы
Инновациялар
Инновациялар
Жүктерді әзірлеу сұрыптау
буып-түю
сақтау
таңба соғу және т.б.
Дистрибуция сұрыптау
буып-түю
сақтау
таңба соғу және т.б.
Пайдасы «Есіктен есікке дейін» шешімі Жүктің өту жолына мониторинг Негізгі клиенттермен жұмыс жүргізу, негізгі бағыттарды жылжыту Әр түрлі көліктердің түйіскен жерінде туындаған мәселелердің шешімі

Қазақстан Республикасының көлік-логистикалық жүйесін дамытуға бағытталған кешенді шараларды жүзеге асыру барысында 2020 жылға қарай транзиттік жүк ауқымын 2 есе арттырып, 18 млн-нан 36 млн тоннаға дейін жеткізуге болады. Айта кетейік, ҚР Көлік-логистикалық жүйесінің негізін – мультимодальды логистикалық оператор ретіндегі ҚТЖ ұлттық компаниясының қызметі құрап отыр.

Кешенді шаралар жүзеге аса бастаған тұста республика аумағында жаңа жұмыс орындары ашылып, 28 мың адам жұмыспен қамтылады.

Қазақстанның көлік-логистикалық кешені ел экономикасының жетекші күшінің бірі. ІЖӨ артқан жағдайда, көлік-логистикалық кешен қызметінің жылдық көрсеткішінің орташа тиімділігі 1 пайыздық пунктті құрайтын болады (Экономикалық зерттеу институтының бағалауынша).

Компания біраз жылдан бері Жолаушылардың жүрдек қозғалыс бағдарламасын тиімді етіп жүзеге асыруда. Бұл тұрғыда 2013 жылы жолаушылық жылжымалы құрамның 237 бірлігі сатып алынды, «Алматы – Атырау» және «Астана-Атырау» бағыттары бойынша жүрдек пойыздар жүре бастады. Сұранысты барынша қанағаттандыру үшін қосымша 8 тасымал пойызы бекітіліп, тағы 3 бағыт бойынша пойыздардың қатынау кезеңі ұлғайтылды. Бүгінде пойыздардың

жайлылығын арттыру бағытындағы жұмыстар өз жалғасын табуда.

Сала ішіндегі әлемдік көшбасшылардың басқарушылық және өндірістік технологиялары трансфертін жүзеге асыра отырып, біз Қазақстанның көлік саласында инновациялық жетекші тұғырға шығып отырмыз.